Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыдағы марафон кезінде плакат ілген екі адам ұсталды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, марафон кезінде ұсталған екі азамат спорттық шараны өткізуге кедергі келтірген

Алматы марафоны кезінде "От правды не убежишь" (Шындықтан қашып құтыла алмайсың) деген плакатпен шыққан Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбаев ұсталды. ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

- Кеше екі азамат ұсталды. Білесіздер, Алматы қаласында марафон өтті, ірі қалалық марафон, оған 17 мың азамат қатысты. Осы трассаның бойында екі азамат Толымбаев пен Тулесова плакат ілген. Олар бұл әрекетімен митинг, шеру және демонстрация өткізу туралы заңнаманы бұзып отыр. Плакатты іліп жатқанда, адамдар тоқтап, видео және фотоға түсіре бастады. Сөйтіп, марафонды өткізуге кедергі жасады, - деді ол.

Оның айтуынша, осыдан кейін екі азамат ұсталып, сотқа жеткізілген. Сот шешімі бойынша екеуі де 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ведомство басшысының сөзіне сүйенсек, жастар сайлауға тікелей немесе жанама қатысы бар саяси ұранмен шықпаған.


Следующая →