Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті полицей іздестірілуде
Полицейлер парамен ұсталған кезде жемқорлыққа қарсы тергеушілерге оқ атып, кейін қашып кеткен
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің деректері бойынша полиция қызметкерлері - Панфилов ауданының ІІБ Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, жергілікті полиция қызметінің басшысы (МПС), сондай-ақ, патрульдік полицияның екі сержанты жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алды деп күдіктенген. Бұдан бұрын полиция қызметкерлері жәбірленушіден 2 691 дана андатр терісін алған.
"Сирек кездесетін, тыйым салынған және құрып кету қаупі төнген түрлердің заңсыз айналымы, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мен олардың бөліктерімен заңсыз саудалау" Қылмыстық кодексінің 369-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.
- Қамауға алу кезінде патрульдік полиция офицерлерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерінің жедел-тергеу тобына 3 рет оқ жаудырып, үш қызметкер оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды мекеме.