Қазақстандық ұшақтар 20 келі жолжүгін тегін өткізбеуі мүмкін
Сенат әуетасымалдаушыларына жолжүк бағасын өздері реттеуге мүмкіндік беретін тасымал жөніндегі заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдады
Тасымалдаушы қолжүгінің салмағы, габариті мен нормаларын да өзі қарастыруға құқылы болады, деп жазды Zakon.kz сайты.
Түзетулер енгізгенге дейін жолаушылар салмағы 20 келіге дейінгі жүкті тегін алып өтуге құқылы еді.
Енді түзетулер енгізілгеннен кейін жүкті тегін алып өтуге кепілдік жоқ.
Осылайша әуе билеттерінің бағасын арзандатуға мүмкін болады деген болжам бар. Алайда әуе тасымалдаушылары тарифтерді арзандату туралы ниеттерін мәлімдеген жоқ.