Ертең ұлттық телеарналар қолжетімсіз болады
ҚР Ұлттық операторы "Қазтелерадио" АҚ қазақстандықтарды алдағы алдын алу жұмыстары туралы ескертеді
Ұйымның ресми сайтында хабарланғандай, 2019 жылдың 17 сәуірінде сағат 03.00 мен 17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік телерадиохабар тарату желілерінің техникалық қондырғыларында қызмет жабылуына байланысты жоспарлы-алын алу жұмыстары жүргізіледі.
- "Қазтелерадио" АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердегі техникалық қондырғыларда қызмет жабылуына байланысты жоспарлы-алдын алу жұмыстарын тоқсан сайын жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар, тоқсандық жоспарлы-алдын алу жұмыстары қызметті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, әрі осы мерзім ішінде техникалық қондырғыларды жетілдіру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі, - делінген хабарламада.