Атыраудағы мұнай өңдеуші зауытқа айыппұл салынды
Осы жылдың наурыз айында мұнай өңдеу зауыты биологиялық тазалу ғимаратын жөндеу жұмыстарын жасаған болатын
Атырау облыстық экология департаменті мұнай өңдеу зауытын тексеріп, жөндеу жұмыстары кезінде қоршаған ортаға залал келтіргенін, өзенге қалдықтарды төккенін анықтап отыр, деп хабарлайды ATPress.
Айыппұлдың жалпы құны 31 млн теңгенің шамасында.
- Қазір департамент кәсіпорынның қоршаған ортаға келтірген зиянын есептеп жатыр, - дейді облыстық экология департаменті.