Алматы тұрғындары қала қазынасын өздері реттейтін болады
Қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында әкімі Алматы әкімі Бауыржан Байбек келер жылдан бастап "Бюджетке қатысу" пилотты жобасын қолға алуды ұсынды
Әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі кезде Алматы әкімдігі озық тәжірибелер негізінде тиімді әрі үнемді жұмсау қағидасы бойынша бюджет шығындарын оңтайландыруда. Белгілі болғандай, бұрындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша негізсіз шығындар 5,5 млрд. теңгеге қысқарып, "Бақытты отбасы" өңірлік бағдарламаны қаржыландыруға аударылған болатын.
- "Нұр Отан" партиясының фракциясымен бірге бюджет шығындарына қосымша сараптама жүргізілді, сондықтан Қоғамдық кеңестің қарауына тағы 7 миллиард теңгеден астам қаржыны қысқарту ұсынылады. Бұрын қолдауға ие болған Меңдіқұлов, Шухов көшелеріндегі және "Буденный", Мемлекеттік музей жанындағы "Журналистер" скверлерін, Жас қанат ықшам ауданындағы Маяк паркін, 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақты абаттандыру жөніндегі жобаларды кейінге қалдыру ұсынылады. Бұл жобаларды тұрғындар талқылауы тиіс деп есептеймін. Жалпы, бюджет қала тұрғындарының пікірі негізінде құрылады. Біз шағымдар мен ұсыныстарды үнемі зерттеудеміз, - деді Бауыржан Байбек.
Осылайша, кері байланыс жүйесі ретке келтірілуде. Алматы әкімдігінің барлық әлеуметтік желілерде ресми аккаунттары бар, тек Instagram парақшасына 200 мыңға жуық адам жазылған. Күн сайын 500 өтініш түсуде, олардың әрқайсысы "Open Almaty" бірыңғай жүйесіне енгізіледі, бақылауға алынып,сарапталады.