Қазақстанда денсаулық сақтау саласына триллион теңгеден аса қаржы бөлінді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаппай медициналық қызметпен қамтамасыз ету жайлы пікір білдірді
Бұл туралы Tengrinews.kz сайты Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1 триллион 180 миллиард теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде, ТМККК аясындағы жұмыстар да бар. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда, - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.