Қазақстан жеткізілген әскери техниканы бақылауға алады
2017 жылы қол қойылған тиісті келісімді Мәжіліс депутаттары ратификациялады
Келісімде Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім бойынша берілетін әскери мақсаттағы өнімдердің болуын және мақсатты қолданылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі айқындалады, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.
Құжат әскери өнімнің жеткізушісіне оның қолжетімділігін және мақсатты пайдалануын бақылауға құқық береді және тұтынушыға осы үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етуді талап етеді. Өнім жеткізушілерге, соның ішінде берілген өнімдерді шығарып тастағанда және жойғанда, сондай-ақ оның мақсатына сай пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.
- Қорғаныс министрлігі, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш саласы, ресейлік тараптан, федералдық әскери-техникалық ынтымақтастық қызметі қазақстандық тараптан келісім шартты жүзеге асыру үшін уәкілетті органдар болып табылады, - деді қорғаныс ведомствосының вице-министрі Талғат Мұхтаров палата отырысында.
Бақылау тараптардың тиісті органдарының өтініші бойынша жүзеге асырылады.