Өскемен
Қалың бұлтты
-35°
  • Өскемен
    -35°
  • Семей
    -30°
  • Алматы
    -6°
  • Риддер
    -18°
  • Астана
    -26°
  • Ақтөбе
    -14°
  • Ақтау
    -5°
  • Атырау
    -8°
  • Қарағанды
    -22°
  • Көкшетау
    -28°
  • Қостанай
    -25°
  • Қызылорда
  • Павлодар
    -32°
  • Петропавловск
    -31°
  • Тараз
    +6°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -17°
  • Шымкент
    +5°
$
501.26
+4.41
590.38
+4.84
¥
72.97
+0.74
6.54
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторын іске қосты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеу үшін онлайн-калькуляторды іске қосты

Оның көмегімен қазақстандықтар жәрдемақының алдын ала есебін дербес жүргізе алады. Онлайн-калькулятор ведомствоның www.enbek.gov.kz ресми сайтында орналастырылған, - деп хабарлайды министрліктің сайты.

Сонымен, АӘК мөлшерін есептеу үшін тұрғылықты өңірін, отбасы мүшелерінің санын, жиынтық табысын: еңбекақыны, алиментті, жеке қосалқы шаруашылықтан, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беру мен сатудан түскен табыстарды, кредиттен (микрокредиттен) түскен табыстарды, сондай-ақ басқа да табыс түрлерін көрсету қажет.

Сонымен бірге, АӘК мөлшерін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі балалардың, сондай-ақ жоғары және кәсіптік оқу орындарында күндізгі нысанда оқитын 23 жасқа дейінгі студенттердің саны енгізіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек - аз қамтылған және табысы төмен азаматтар мен отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% - нан 70% - ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, бұрын АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңгені құраған болса, келесі айдан бастап, әр балаға 20 789 теңге болады.

Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңестерді бірыңғай байланыс-орталығының "111" нөмірі арқылы алуға болады.

Следующая →