Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Денсаулық сақтау министрлігі газды сусыннан қаза тапқан бала жайлы хабарламаны жалған екендігін айтты

Инфекциялық ауруханада газдалған сусын ішіп көз жұмған бала жайлы WhatsApp желісінде тараған ақпарат шындыққа сай емес

Мектеп оқушыларының ата-аналары арасында WhatsApp желісі арқылы Тархун, Citro газдалған сусындарды ішкеннен кейін жұқпалы аурулар ауруханасында баланың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады.

- Облыстық денсаулық сақтау басқармалары басшыларының ресми деректеріне сәйкес жұқпалы ауру ауруханаларында Тархун, Citro газдалған сусындарды және энергетикалық сусындарды ішкеннен кейін улану фактілері тіркелген жоқ, - деп хабарлайды ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, WhatsApp желісі арқылы жалған ақпарат мектеп оқушыларының ата-аналарына мынадай мәтінмен таратылған болатын:

- Құрметті ата-аналар! Мектеп инфекционды жан сақтау бөлімінде бала қайтыс болғанын ескертеді. Демалыс күндері ол тархун (шыныда) ішеді. Билирубин, уыттану, 2 күн комада болып, жанының аман алып қалуға мүмкіндік болмады. Балалармен сөйлесіңіздер, түсіндіріңіздер! Қазір Ситро ішкен тағы бір қыз бар (шыны, марка есімде жоқ), жұма күннен бастап капельница астында. Дәрігер айтып өткендей, энергетик сусындарын ішкеннен кейінгі нәтижелермен жарты бөлімше жатыр. Ақпаратты таратыңыздар және балаларға ескертіңіздер!

Следующая →