Якутия тұрғыны Димашқа қуыршақ сыйлады
Димаш Құдайбергеновтің келбеті мен түріне ұқсас қуыршақ тігіп берген жанкүйері Мәскеуде өткен концерт кезінде сыйға тартты
Қолдан тігілген экзлюзив қуыршақты Якутия тұрғыны жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
- Әлемде мұндай қуыршақ әрі Димаш та бірегей! - деп жазды якутиялық жанкүйер Инстраграмда.
Қуыршақты тіккен Хаарчанна Баппағайдың айтуынша, қазақстандық әртістің келбетін келтіру өте қиын болған.
- Фотосуретті алып, бет-әлпеті тап-таза, әдемі екендігін көріп, оны тігу оңай болатын шығар деп ойлаған едім. Алайда қателесіппін, - дейді шебер.