Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлемдік қауымдастық басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтатуына байланысты қазіргі және бұрынғы мемлекет басшыларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен жеделхаттар мен хаттар келіп түсуде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы барлық хаттармен танысып, хат иелерінің жылы лебіздері мен құттықтаулары үшін ризашылық білдірді, деп хабарланады Ақорданың ресми сайтында.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өзінің хатында Қытай мен Қазақстанның жан-жақты стратегиялық серіктестігін орнатуға, "Бір белдеу, бір жол" жобасын бірлесе жүзеге асыруға байланысты ынтымақтастықты нығайту ісіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін атап өткен.

"Сізді Қазақстанның негізін қалаушы тұлға және барша Қазақстан халқының қолдауына ие болған Ұлт көшбасшысы деп білеміз. 30 жыл ішінде Қазақстан халқы Сіздің басшылығыңызбен көптеген қиыншылықты еңсеріп, тәуелсіз, демократиялық, өркендеген, бай әрі қуатты Қазақстан Республикасын құра білді. Алдағы уақытта да Қазақстанның Сіз айқындап берген саяси бағытты ұстанып, жаңа табыстарға жететініне, сондай-ақ қарқынды дами түсетініне сенімдімін", – делінген хатта.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жолдаған мәлімдемеде Құрама Штаттары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ пен Қазақстан арасындағы берік әрі жақсы қарым-қатынастарды орнатуға және дамытуға сіңірген еңбегін жоғары бағалайтыны айтылған.

"Қазақстан үшін осындай тарихи сәтте біз Нұрсұлтан Назарбаевты заманауи, егемен әрі өркендеген Қазақстанның негізін қалаушы тұлға ретінде танитынымызды жеткіземіз және оның өңірлік әрі жаһандық деңгейдегі жауапты басшы ретіндегі көрсеткен жолын үлгі тұтамыз.

Біз оның ядролық қаруды таратпау мәселесіне қатысты зор еңбегін және жаһандық қарусыздану үдерісіндегі көшбасшылығын, билікті бейбіт жолмен беру ісінде көрсеткен адалдық үлгісін, сондай-ақ Қазақстандағы және жалпы өңірдегі бейбітшілік пен өркендеу ісін қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз", – делінген үндеуде.

Бельгия Королі Филипп өзінің жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін атап өтіп, Елбасының атына және Қазақстан Республикасына өзінің жылы лебізін білдірген.

"Мен мазмұнды кездесулерімізді әрдайым бағалаймын. Сол кезде Сіздің Қазақстанды жан-жақты дамытуға шынайы берілгендігіңізді өз көзіммен көрдім. Сіз Президент болған кездегі елдеріміз арасында орнаған достық қатынастар одан әрі нығая түседі деп үміттенемін", – делінген мәлімдеме мәтінінде.

Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдағы уақытта да еліміздің дамуына зор үлес қоса беретініне сенім білдірді.

"Сіздер жаңа Қазақстанды құру жолында таң қаларлық табысқа қол жеткіздіңіздер. Сіз айқын мақсат-міндеттер мен қажымас ерік-жігеріңіздің арқасында ұлттық бірлікті, рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ ішкі реформаларды жүзеге асыру ісінде зор жетістікке жеттіңіз. Осылайша, саяси тұрақтылықты және еліңіздің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз еттіңіз", – делінген А.Вучичтің хатында.

Украина Президенті Петр Порошенко өз елінің және жеке өзінің атынан Украина мен Қазақстан қатынастарын дамыту ісіне қосқан үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

"Сіздің көпқырлы қызметіңіздің тәуелсіздікті қалыптастырып, заманымыздың түрлі саяси және экономикалық сын-қатерлеріне төтеп беруі, сондай-ақ өңірдің озық дамыған елдерінің біріне айналған Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюы үшін маңызы зор", – делінген жеделхатта.

Татарстанның Тұңғыш Президенті, Татарстанның мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен берік достығын мақтан тұтатынын атап өткен және өкілеттігін тоқтату жөнінде қабылданған шешімді қысқа мерзім ішінде бүкіл әлем мойындаған мемлекетті – Қазақстанды құрған адамның маңызды қадамы ретінде бағалаған.

Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің жылы лебіздерін, сондай-ақ, Ұлы Люксембург Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель және Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Ли Сянь Лун жолдады.

Сонымен қатар, ризашылық пен жылы лебізін жеткізген жеделхаттарды бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары да жолдады. Солардың қатарында Польша Республикасының бұрынғы президенті Александр Квасьневский, Хорватия Республикасының бұрынғы президенті Степан Месич, Австрия Республикасының бұрынғы президенті Хайнц Фишер, Германия Федеративтік Республикасының бұрынғы канцлері Герхард Шрёдер, Франция Республикасының бұрынғы премьер-министрі Франсуа Фийон бар.

Халықаралық ұйымдардың және компаниялардың басшылары мен төрағаларынан көптеген хаттар келіп түсті. Бұл хаттарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің көп жақты ынтымақтастықты және жаһандық орнықты дамуды, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған бастамаларды белсенді түрде ілгерілету жөніндегі дәйекті саясаты ерекше атап өтілген.

Хат авторларының қатарында Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов, Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Вена бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотов, Халықаралық энергетикалық хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак, Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассин Зербо, канадалық «Камеко» компаниясының президенті әрі бас директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Тим С.Гитцель, «Землячество немцев в России» атты жастар ұйымының төрағасы Вальтер Гаукс, сондай-ақ Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бар.

Соның ішінде, Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған хатында Қазақстанның бүгінде Еуропа одағының негізгі экономикалық және саяси серіктесі екені және оның Қазақстанның Тұңғыш Президентінің арқасында мүмкін болғаны айтылған.

"Біз бір-бірімізді көп жылдан бері білеміз. Мен Сіздің Еуропа мен Азия арасындағы сындарлы әрі тығыз қарым-қатынастарға адалдығыңызды, сондай-ақ өңірде және одан тыс жерлердегі Сіздің рөліңізді жоғары бағалаймын", – делінген жеделхатта.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің хатында: "Қазақстан Сіз Президент лауазымына келген кезден бері бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, ядролық қаруды таратпауға, терроризмге қарсы іс-қимылдарға қатысты БҰҰ-ның құндылықтарын қорғау және ілгерілету ісінде маңызды рөл атқара бастады. Орнықты даму мақсаттарының жақтаушысы ретінде Қазақстанның рөлін жоғары бағалаймын", – деп атап өткен.

Следующая →