Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісі жарияланды

Қазіргі уақытта Қазақстанда 124 жоғары оқу орны бар, оның кейбірінде жылдық оқу ақысы 2 млн 157 мың теңгеге дейін жетеді

ҚР Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылы Қазақстан жоғары оқу орындарына 163 мың түлек оқуға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық университеттердегі бакалавр мамандықтарының орташа ақысы 396 мың 307 теңге.

Оқу ақысы ең қымбат жоғары оқу орындары Алматы қаласында орналасқан. Орташа бағасы 671 мың 397 теңге. Ал ең арзан оқу ақысы 205 мың теңге болса, ең қымбаты 2 млн теңгеден асады.

Алматы қаласынан кейін Алматы облысы және Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу ақылары қымбат екен. Бакалавриат мамандықтарының орташа бағасы 532-542 мың теңгенің аралығында.

Одан кейін Ақтөбе облысы (484 мың теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (450 мың теңге), ШҚО (444 мың теңге) аймағының университеттері орналасқан.

Ең арзан оқу орындары Шымкент қаласы мен Түркістан облысында орналасқан. Оқу ақысы 274 мың теңгеден басталады.

Следующая →