Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада 9 мың кәріз құдығына қақпақ қойылды

Қайғылы оқиғаның алдын алу керек

Астана қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек ашық жатқан кәріз құдықтарын анықтау, оларды жабу, қауіпсіз ету тұрғысында атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

- Құдықтар қақпақтарының ұрлануы - бүгінгі күні өткір тұрған мәселелердің бірі. Ол туралы есептік кездесуінде қала әкімі Бақыт Сұлтанов та айтты. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ашық құдықтар туралы қала тұрғындары да фото-суреттерді жүктеп, мекен жайларды жазу арқылы әлеуметтік желілерде хабарлауда, - деп жазды әкім орынбасары Фейсбуктегі парақшасында.

Бүгінде коммуналдық кәсіпорындарының балансында 65 мыңға жуық құдық болса, жекеменшіктердің саны 20 мыңнан асып жығылады. Барлығы өзіндік техникалық сипаттарға ие. Ең қауіптілері - терең құдықтар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары олардың орналасу жерлеріне және қолданылуына қарай жүргізілуде.

Арман Тұрлыбектің айтуынша, қала басшысының тапсырмасымен люктардың қақпақтарының астына металл торлар орнатылуда. Олар кәріз жүйесінің ішіне құлап кетуден қорғайды.

Следующая →