Алматыда көпбалалы аналарға 2%-дық несиемен пәтерлер беріле бастады
"Алматы дамыту орталығы" басқарма төрағасының орынбасары Жанна Асанова "Бақытты отбасы" бағдарламасымен қалай 2 пайыздық ипотекалық несие алуға болатындығы айтып берді
Бұл бағдарламаға өтініштер 2019 жылдың 11-15 наурыз күндері қабылданады, деп хабарлайды
"Бақытты отбасы" бағдарламасының ресми сайтында ипотеканы алу шарттары түгелдей жазылған. Өтініштерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ресми сайты арқылы беруге болады.
Займ сомасы 15 млн теңге. Баспананың алғашқы жарнасы пәтер құнының 10 пайызына тең. Жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз.
- Құжаттар мен өтініш портал арқылы қабылданады. Ал порталға тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Оны Халыққа қызмет көрсету орталығына барып алуға болады. Үйлерді өтініш берушілердің өздері таңдап алады, - дейді Жанна Асанова.
Кезекте тұрғынан 1300-ге тарта отбасының қолында алғашқы жарна жоқ болғандықтан, қала бюджетінен оларға 1 млн теңгенің сертификаттары берілмек.