Атырауда Орал өзенінің түбі тазаланып жатыр
Былтыр өзендегі балықтар жаппай қырылып, мұз астында қалып қойған еді
Атырау облысында Орал өзенінде мұздың еруіне байланысты өлі балық жинау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Эхо Қазақстан.
- Арнайы автобазаның, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, балық шаруашылығы басқармасының қызметкерлері су айдынын тазартумен айналысады. Қала аумағындағы өзеннің жағалау бөлігі және Геолог, Атырау Дамбы ауылдық округтерінде тазартылады. “Амангелді” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық аулау кемесі мұзды бұзады. Бұдан кейін табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың өзен көлігінің көмегімен, өзеннің ені бойынша балық жинау жұмыстары жүргізіледі, – деді облыстық балық шаруашылығы басқармасының бастығы Артур Сәдібекұлы.
Жиналған өлі балық “Спецавтобаза” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында кәдеге жаратылатын болады. Облыстың балық ресурстарына келтірілген залал анықталады.