Солтүстік Қазақстанда Sova жүйесі енгізілуде
Электронды есеп беру құжаттамасын жүргізу үшін Sova автоматтандырылған ақпараттық жүйесі аймақтағы 18 колледжде қолданылған
Жүйе журналдардың ашықтығын қамтамасыз ету, ата-аналардың оқушылардың ұлгерімін бақылай алуын, сабақ кестесін көре алуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды "Қазинформ" сайты.
Жүйе мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың болуына да мүмкіндік береді.
- Жүйе колледждердің академиялық қызметінің көптеген іскерлік үрдістерін автоматтандыруды қарастырады. Колледждерде мемлекеттік тапсырыстарды бөлудің ашықтығы және емтихан сессиясы бойынша емтихандар компьютерлік тестілеу арқылы жүргізіледі, оның нәтижелері автоматтандырылады және колледждің серверіне жіберіледі. Бұрын колледждерде автоматтандырылған ақпараттық жүйе болған жоқ. Колледждің есептік құжаттары қағаз түріндеөткізілілетін, - деді жоба жетекшісі Екатерина Старостина.
Sova-ның тағы бір міндеті – оқу орындарындағы тұрмыстық жемқорлықтың алдын-алу.