Павлодарда кітапсүйер оқушыға ерекше сыйлық табысталды
Аудан орталығындағы балалар арасында ең кітапсүйгіш оқушыға Тереңкөл ауылының әкімі сыйлыққа ешкі табыстады
Байқау Тереңкөл ауылының кітапханасында өтті, деп жазды Sputnik Қазақстан сайты. Бас жүлде – тірі ешкі. Бас жүлде өткен жылы 125 кітап оқыған 5-сынып оқушысына бұйырды.
Ал байқауға қатысқан басқа зейнеткерлер мен жастарға азық-түлік салынған пакеттер үлестірілді.
Зейнеткерлер арасында 215 кітап оқыған, ал жастар арасында 76 кітап оқығандар болған.