Павлодарда алимент төлемегендер көліктерінен айырылуда
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов алимент төлемегендерге қарсы жасалып жатқан шаралардың нәтижелері жайлы айтты
Алимент төлемегендермен күресудің тағы бір шарасы – ол автокөліктерді жинау, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
- Осы аптада алимент төлемеген төрт азаматтың автокөлігі айыппұл тұрағына тоғытылған болатын. Оның бірі 520 мың теңге берешегін толықтай өтеді. Тағы біреуі көлікті айыппұл тұрағынан шығарып, бұрынғы жұбайының атына жазып берді. Енді екі автокөліктің бағасы анықталған соң сатылып, түскен қаржы берешекті жабу үшін жұмсалады, - дейді аймақ басшысы.
Осылайша облыс әкімі де алимент төлемегендермен қатаң жұмыс жасауға көшкен.