Қазақстандықтар тұзды шектен тыс пайдаланады
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілі Олег Честнов мәлімдегендей, қазақстандықтар күнделікті 20 грамға дейін тұз тұтынады. Ал норма бойынша 5 грамм болуы керек
Честновтың айтуынша, Қазақстан тұз тұтыну бойынша Еуропада бірінші орында екен, деп жазды Tengrinews.kz сайты.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы күнделікті тек 2 грамм, максимум 5 грамм тұз пайдалануға шақырады.
- Тұзсыз мүмкін емес, дегенмен оны орнымен пайдаланған жөн. Сөреге бір қапшық тұз қойып, бір жыл жесеңіз, бір жылда отбасыңыздың төрт келі тұз жегенін байқайсыз. Келесі жылы екі желі тұтыныңыз. Қарапайым жолдарды іздеген жөн, - деп кеңес етеді Қазақстандағы ДДСҰ.
Халықтың денсаулығы кодексіне түзетулер енгізуді талқылау барысында сарапшылар тұз тұтыну мөлшерін азайту маңызын атап өтті.