Ақтөбеде жастарға арналған телехикая түсірілуде
"Ақтөбе" телеарнасы жастар жылынай орай ситком жанрында телехикая түсіріп жатыр
Барлығы 10 бөлімнен тұратын сериалдың алғашқы маусымы оқу жылының соңында дайын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА. Идея авторы - Азамат Айнағұлов, режиссері - Марат Телеуов, ал сценарий авторы - Өркен Мұқақов.
- Жастарға арналған телехикая қазақ тілінде түсіріліп жатыр. 15-45 жас аралығындағы көрермен үшін қызықты болады. Кастингке 180 адам қатысып, 8 басты рөлді сомдайтын әртіс таңдалды. Олардың арасында студенттер мен әзілкештер бар. Негізгі оқиға жатақханада өрбиді. Ауыл мен қала жастары, көршілес Ресейден келген студенттердің қарым-қатынасы, дастық пен сатқындық, махаббат пен адалдық, қазіргі жастардың өмірі суреттеледі. "Ақтөбенің жастары осындай" деп көрсетеміз, - деді "Қазақстан" РТРК" Ақ АО филиалының директоры, телехикая продюссері Ернұр Бурахан.