Астана әкімдігі көпбалалы анаға төленетін жәрдемақы туралы хабарламаға түсініктеме берді
Астана әкімдігі 8 наурызда аналарға 100 мың теңгеден беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды
Кешелі бері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Халықаралық Әйелдер күніне орай елордадағы көпбалалы аналарға 100 мың теңгеден беріледі деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Тараған ақпаратттарға сәйкес, "Алтын алқа", "Күміс алқа", "І және ІІ дәрежелі" "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға ақша берілетіні туралы, ол қаражатты алу үшін "Қазпоштаға" 20 ақпанға дейін құжат өткізілуі тиіс деген сыңайда хабарлама шыққан еді.
Бұл хабарламаның рас-өтірігін тексеру мақсатында ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпараттың жалған екендігін анықтады.