Қазақстанда "Әлем жауынгерлерін" анықтауда
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріндегі әскери қызметшілердің арасында "Әлем жауынгері" байқауына қатысу үшін үміткерлер іріктеліп алынды
Байқау Әскери халықаралық ойындары шеңберінде Армения Республикасының аумағында өтеді, деп хабарлайдыҚазинформ сайты.
Байқауға келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген сарбаздар қатыса алады. Іріктеу шараларының барысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздік мамандары анықталады. Жарыстар негізгі жекпе-жек, арнайы, мемлекеттік-құқықтық дайындық пәндері бойынша өтеді. Сонымен қатар, әскери қызметшілер өздерінің әдеби, көркемдік және би таланттарын көрсетеді.
Әрбір әскери бөлімнің біліктілік байқауының жеңімпаздары ұлттық іріктеуге қатысады. Әрбір әскери бөлімнен кемінде 4 үміткер іріктеліп алынды, оның ішінде 1 әскери қызметкер міндетті. Іріктеу іс-шараларынан кейін осы саладағы кандидаттарды одан әрі оқыту ұйымдастырылады.