Талдықорғанда белгісіз біреу көпбалалы отбасыға үй сыйлады
Он баланы тәрбиелеп отырған отбасы анонимді тұлғадан қайырымдылық ретінде жаңа үй алды
Үлкен отбасы бір бөлмелі үйде өмір кешкен, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты.
Талдықорған тұрғындарының бірі (аты-жөні белгісіз қалуды өтінген), отбасыға қала шегінде орналасқан Отенай кентінде жаңа бес бөлмелі үйді сыйға тартты. Талдықорған әкімдігі құжаттарды дайындауға және отбасыларға басшылық етуге көмектеседі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жаңа үйде көміртегі тотығына қарсы датчиктерін орнатқан.