Қазақстандағы соттарда мемлекеттік баж салығының мөлшері көбеюі мүмкін
Бұл заң биылғы жылдың наурыз айында парламентке ұсынылады, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты
Заң жобасы сот жүйесін жаңғыртуға әсер етеді.
Қазақстанда сот процестерінің көбеюі байқалады, бұл көбінесе соттарда мемлекеттік баждың төмен деңгейімен байланысты болуы мүмкін.
- Біз қараған істердің 85% -ы азаматтық істер болып табылады, олардың 85% - мемлекеттік баж 5 мың теңгеден аспайды. Әрине, көпшілік мемлекеттік баж салығы соншалықты төмен болғандықтан, татуласу, медиация жолын іздемейді, - деді Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов.