Астана ТМД-дағы ең романтикалық қалалардың бірі деп танылды
Ресей туристері ғаламтор арқылы жүргізілген сауалнамаға қатысып, ТМД мен шақын шет елдегі ең романтикалық қалаларды таңдады
Сауалнаманы ТурСтат талдамалық агенттігінің сарапшылары жүргізді, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, ресейлік туристер жылына романтикалық туризм мақсатында миллион сапар жасайды екен.
Ең романтикалық қала деп Грузия астанасы Тбилиси танылды.
Екінші орында Қазақстанның астанасы – Астана туристердің 14% дауысына ие болды.
3 және 4-орындарда Әзірбайжандағы Баку мен Белоруссиядағы Минск.
Бестікті Молдовадағы Кишинев аяқтайды.