Ақтауда сот төрағасы этика себептері бойынша қызметінен босатылды
Ақтау қалалық сотының төрағасы сот әдебіне қайшы келетін заңсыз әрекеттердің салдарынан қызметтен босатылды
Тәртіптік комиссияның шешімімен ол төрағалық қызметінен босатылып, сот ретінде оның өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Бұл шешімнің себебі соттың кәсіби этикасына қайшы әрекеттері болды. Ол коттедж салу үшін жұмысшылар командасын жалдады, бірақ оларға уәде етілген жалақының тек жартысын төледі. Жалақы беруден ол екі жыл бойы жалтарған.
- Сот әдебі кодексінің 1-бабына сәйкес, сот антқа адал болу керек. Сот төрағасы сот билігінің беделін төмендетіп,сот төрағасының беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болу керек, - деп түсіндірді комиссия шешімдерін.