Бала өмірге келгені үшін ипотеканы жауып отыруды ұсынды
"Қазақстанның жастар конгресі" заңды тұлғалар бірлестінің директоры Тоқтар Болысов Сенатта осындай ұсыныс тастады
Сенат отырысында көпбалалы аналардың жәрдемақысын елдегі орташа еңбекақы көлемімен теңестіріп, көтеру туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
- Жас отбасы ипотекалық несие немесе ипотекалық займ алса, бір бала туылғаннан кейін зайым мөлшерін 25 пайызға, екінші баладан кейін тағы 25 пайызға азайту керек. Үшінші бала туылғанда тағы 25 пайызға азайтып, төртінші бала туылғаннан кейін отбасы көпбалалы болып табылатындықтан қарызды толықтай үкімет жауып берсе, - деп ұсынды Болысов.
Қымбат пәтер алып, алып-сатушылық орын алмасы үшін бір адамға шаққанда 18 шаршы метр аумақ болатын шектеу қою керектігі де айтылды.