Қазақстанның мұнай танкерлері Босфор жағалауына кіре алмай жүр
Түркияның Қара теңіз борты арқылы өтетін жаңа ережелердің енгізілуіне байланысты, мұнай танкерлері Босфорға кіре берісте кептеліп қалды
Босфор мен Дарданелла жағалауында тек қана қазақстандықтар емес, сондай-ақ ресейлік танкерлер де бар, деп хабарлайды Zakon.kz сайты шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Енді кезек күтіп тұрған 55 танкер бар, олар жалпы 41 миллион баррель мұнайды тасымалдап бара жатыр.
Қиындықтар жаңа ережелердің күшіне енген кезден, яғни, 2019 жылдың басынан басталды. Атап айтқанда, ережелер танкерлерге буксирлермен бірге жүруді талап етеді. Осыған байланысты Қара теңізден Эгей теңізіне дейінгі транзит уақыты 6-дан 16 күнге дейін созылды.