ТЖД жалған қоңырау шалғандарға қандай жаза қолданатындығын айтты
Құтқарушылардың айтуынша, жалған қоңырау шалғандардың көбі қарапайым ғана бұзақылар, алайда оның жазасы ауыр болмақ
Жалған ақпараттың өзі қызметкерлерді де, тұрғындарды да дүрліктіруі мүмкін. Сондықтан бұл билік органдарының белгілі бір шараларды қолдануына алып келеді.
- Жалған ақпарат берген адам кәсіпорын мен ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің жұмысына кедергі келтіреді. Адамдардың жағдайы мен денсаулығына да кері әсерін тигізеді, - дейді ТЖД.
Ал жалған хабар бергендерге 5 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл төлеуден бастап, қылмыстық іс қозғауға дейін баруы мүмкін. Кейде 5 жыл бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.
- Заманауи техникалық құралдар кез келген адамды, кез келген телефонды анықтай алады. Тіпті, бұзақы таксафонмен немесе "жасырын" нөмірмен хабарласса да оны табуға болады, - дейді мамандар.