Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Хабиб Нурмагомедов Қарағандыдағы балалар үйіне барды

Аралас жекпе-жектің чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келіп, "Таншолпан" балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Белгілі спортшы қарағандылық Александр Корогодовтың арқасында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барып қайтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жас жігіт Нұрмагомедовтың Instagram әлеуметтік желісіне өзінің өмірі туралы, кітаптары мен жергілікті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне оның жетістіктері туралы әңгімелеп беруді сұраған. UFC чемпионы, жауап ретінде Қазақстанға жеке келетінін уәде еткен болатын.

- Хабиб Нурмагомедов бізде қонақ болып қайтты. Иә, бұл әзіл емес. Чемпион біздің балаларымызды қуантты. Ол уәдесін орындап, бізге келді. Кездесуді ұйымдастырған Сашаға рахмет. Бұл керемет болды, - дейді балалар үйінің Instagram әлеуметтік желісінің парақшасында.

Сапар барысында чемпион жетім балаларды жетістікке жетуге, спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

- Хабиб ешкімнің назарын аударғысы келмеді. Сондықтан ол жасырын түрде келді, - деді Александр.

Следующая →