Қазақ полициясы АҚШ-қа оқуға барады
Астанада ҚР Ішкі істер министрлігінің бірқатар ведомстволарының басшылығымен АҚШ елшілігінің әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің өкілдерімен үйлестіру кеңесі өтті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сайтында хабарлағандай, кездесу барысында елдер арасындағы есірткі айналымына, экстремизмге және терроризмге, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бірлескен жобаларды жүзеге асырудың ағымдағы және келешектегі жоспарлары, соның ішінде полиция қызметкерлері үшін оқу курстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.