Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Түркістандық көпбалалы отбасы баспаналы болды

Жет баланың анасы Жазира Тұрғыноваға төрт бөлмелі пәтер кілті табысталды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздегі ең жас көп балалы ана Жазира Тұрғыноваға 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қаңтарда Астанада Жастар жылының ашылу салтанатында түркістандық келіншек Елбасының алдында сөз сөйлеп, ел жастарын көп балалы болудан қорықпауға шақырған еді.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көп балалы отбасын қабылдады.

- Көп балалы ана болу – үлкен мәртебе әрі құрмет. Бұл – адами ресурс және мемлекетіміздің басты байлығы. Біз көп балалы отбасыларды жұртшылыққа үлгі етіп, оларға қолдау көрсете беруіміз қажет. Мен мұндай отбасылардың жағдайын жақсы түсінемін, - деді облыс басшысы.


Следующая →