Қазақстанда интернет-алаяқтықтың өсуі бақылануда
Цифрлық технологияны дамыту адал азаматтардың өмірін жақсартумен қатар, алаяқтарға жаңа ақша қаражатын жымқыруға мүмкіндік береді
Алаяқтықтың көптеген түрлері күнделікті өмірден Интернетке түсті, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
2018 жылы Қазақстан астанасында 4 263 алаяқтық тіркелді, олардың үштен бірі тауарды онлайн режимінде сатып алудан болды.
Мұндай алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі тауарларды сатуға арналған жарнамаларды нарық бағасынан төмен бағамен орналастыру болып табылады, ал алданған сатып алушылар сатушының шотына ақша аударғаннан кейін тауарларды ала алалмай қалады. Алаяқтықтың тағы бір жолы жеңіл ақшаға әуестік.