Ақтөбеде оқушыларды бақылау күшейтілді
Ақтөбе облысындағы оқушылар төбелесінен кейін қала билігі оқушыларда суық қару бар-жоғын тексеру туралы бұйрық берген
Ақтөбеде өткен жылы жасөспірімдердің топ болып төбелесуі бойынша үш жағдай тіркелген, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Осында төбелестержің бірінде оқушы өлімі орын алып, бірнеше бала ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Соңғы оқиға 10 қаңтар күні орын алған. Осыдан кейін қала мектептерінде түстіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Сонымен қатар, оқушыларға бақылау да күшейтілген. Әсіресе, жоғарғы сынып оқушылары үшін.
Заңгерлердің пікірінше, осындай жағдайларда балалардың үсітенен қылмыстық іс қозғағанша, оларды сауықтыруға жіберген жөн.
- Түрме мен бас бостандығынан айыру орындары – адам бойындағы қылмыскерді күшейте түседі. Менің ойымша, бұндай жаза тек ерекше жағдайларда қолданылуы керек. Керісінше, бала ата-анасымен берге отбасылық медицина бөлімі бойынша курстан өтуі керек, - дейді заңгер.