Қасым-Жомарт Тоқаев: Инспектордың есімін мәңгі есте сақтау керек
Оның айтуынша, Ерлан Нұрғалиев мемлекет мүлкін қорғау жолында көз жұмды
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің есімін мәңгі есте сақтауды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Бүгін ерлікпен қаза тапқан, қорықшы Ерлан Нұрғалиев жер қойнына тапсырылды.Ол киіктерді өлтірген браконьерлермен күреске түскен нағыз ер азамат еді. Асыл азамат ҚР ұлттық мүлкін қорғау жолында қаза тапты. Иманды болсын! Бандиттер мен олардың ісіне қолдау танытқандар тиісті жазасын алулары шарт. Батырдың есімін мәңгі есте сақтауға лайықты, - деп жазды Сенат төрағасы Twitter-дегі ресми парақшасында.