Қазақстанда құжат жасау құны көтерілді
2019 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өсуіне байланысты құжат жасау құны да көтерілді
Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі 2525 теңге деп бекітілді. Енді қазақстандықтар үшін құжат рәсімдеу құны келесідей болмақ:
-
жеке төлқұжат жасату – 505 теңге;
-
паспорт жасату – 20 200 теңге;
-
жүргізуші куәлігін жасату – 3150 теңге;
-
техникалық паспорт жасату – 3157 теңге;
-
туу туралы куәлікті қайта жасату – 2525 теңге;
-
неке туралы куәлікті қайта жасату – 2525 теңге.
Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбе қалаларында төлқұжатты жылдам жасату қызметтері бар: бір күннің ішінде 5135 теңге, үш күннің ішінде 2905 теңгеге жасатуға болады.