Кей мамандық иелеріне Қазақстан азаматтығын алу жеңілдетілді
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мамандық иелеріне Қазақстан Республикасының азаматтығын беру тәртібін жеңілдету туралы бұйрыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың сайты
Енді келесі мамандар үшін Қазақстан азаматтығын алу оңай бола түсті:
- Денсаулық сақтау саласындағы мамандыр;
- Бизнес-сарапшылар;
- Жүйелік сәулетші;
- Бағдарламалық жабдықтауды жасаушы;
- Ақпараттық технологиялар саласындағы жобалық менеджер;
- Робот техникасы жөніндегі маман;
- Ақпараттық технологиялар саласындағы дизайнер;
- Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман
- Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аудитор;
- Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер;
- Жоғары оқу орындарының оқытушысы;
- Ғылыми қызметкер (білім беру технологиялары, инженерия, жобалық басқару, аграрлық ғылымдар, медицина, биотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, қаржы және экономика салаларында);
- Биоақпарат, молекулярлы биотехнология мен биоинженерия саласындағы маман (генетика, цитология, жануарлар мен өсімдіктердің селекциясы);
- Агроөнеркәсіптік кешенді модельдеу жүйелерін мониторингтеу және цифрландыру саласындағы маман;
- Автоматтандыру және басқару саласындағы маман;
- Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, техниканы GPS көмегімен басқару саласындағы маман.
Тақырыптар:
Упрощение получения гражданства Казахстана Гражданство Казахстана Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев