Қазақстандықтар үшін балаларды интернет арқылы тіркеу қызметі қол жетімді болды
EGov.kz порталында қазақстандықтар онлайн режимінде 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеуге мүмкіндік туғызған жаңа сервис іске қосылды
"Тұрғылықты жерде 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу" атты жаңа қызмет электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қызметтің өзі "Азаматтық, миграция және иммиграция" бөлімінде, "Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" қосымша бетінде қолжетімді. Осы көрсетілетін қызметті алу үшін "Онлайн сұрау" түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда баланың ЖСН, келу мақсаты, тіркелу себебі және ол баланы тіркеуге ниет білдірген тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.
- Егер де өтініш беруші- жылжымайтын мүлік иесі болса, ол өңірді және мекенжайдың тіркеу кодын (РКА) көрсетуі тиіс, содан соң ЭЦҚ өтінімге қол қоюы тиіс. Егер де тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет (егер де тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, олардың біреуінің ғана деректерін көрсету жеткілікті, қалғандары жүйемен ҚР "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде анықталатын болады). Меншік иесі (біреу немесе бірнешеуі) өзінің келісімін ЭЦҚ арқылы растайды, одан соң өтінім тіркелуге ниетті азаматтың Жеке кабинетіне оралып келеді. Оған өзінің сұрау салуына ЭЦҚ қол қоюы қажет, - деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері.