Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық бермеуді ескертеді
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйға тартылған кәмпит пен торт үшін қазақстандықтар жарты миллионға дейін айыппұл төлеуі мүмкін
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматтарға мемлекеттік қызметкерлерге қандай сыйлық бергені үшін айыппұл салынатындығы туралы айтты.
Сот мемлкеттік қызметкерге ұсынылған "Rafaello" қорабы үшін Петропавл қаласының тұрғынына 481 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынына желтоқсандағы мерекелер қарсаңында статистика департаментінің екі бірдей қызметкеріне "Сүтті ханым" және "Қара ларри" торттарын ұсынғаны үшін айыппұл салынды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ел азаматтарын көрсетілетін мемлекеттік қызмет және басқа да қызметтер үшін мемлекеттік қызметкерлерге Жаңа жыл қарсаңында сыйлық беруден бас тартуға шақырады.
- Сыйлықтың құны 2 АЕК-ден асатын (4810 теңге) болса, сыйақы немесе сыйлық беретін адамның үстінен қылмыстық жауапкершілік қарастырылады, - деп еске салды департамент.