Мұғалімге тіл тигізгендер жазалануы мүмкін
ҚР Әділет министрлігі педагог мәртебесі туралы заң концепциясы аясында мұғалімдерге тіл тигізгендерді әкімшілік жауапқа тарту туралы ұсыныс білдірді
Мұғалімдерге тіл тигізгендерге айыппұл салу туралы сұрақ ведомствоаралық комиссия отырысы кезінде талқыланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
- Педагогтың ар-намысына тіл тигізгендерге әкімшілік жаза қолдануды қарастырмақпыз. Әркім өз міндетін орындауы керек, - деді БҒМ вице-министрі Эльмира Суханбердиева.
Заң жобасының концепциясын комиссия бекітті. Бірақ енді ол бүкіл елдің оқытушыларымен талқылануы керек.
- Дүйсенбіден бастап барлық мұғалімдерге WhatsApp арқылы жоба жолданады. Ал мұғалімдер өз ой-пікірлерін жеткізулері керек. Еліміздегі әр мұғалім танысып, өз ұсынысын жолдамайынша, талқылай береміз. Бүгін біз тек концепцияны бекіттік, - деді вице-министр.