Қазақстан шекара флоты жаңа кемелер алды
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Баутино портында әскери-теңіз туын салтанатты түрде табыстау және жаңа қайықтарға атау беру рәсімі өтті
Жаңа шекара қайықтар "Иса Батыр" және "Досан батыр" сынды қазақ батырларының есімімен аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Дархан Дильманов қатысты. Екі қайық Орал қаласындағы "Зенит" зауытында шекара қызметінің тапсырысы бойынша жиналған. Әуе жастықтары 8 адамға дейін, ал жалпы жүктемесі 1,5 тоннаға жетуі мүмкін.