Астанада Қазақстан Президентінің қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді
Телекөпір барысында Қазақстан бойынша индустриялық, инновациялық, инфрақұрылымдық және энергетикалық жобалар іске қосылады
Бүгін Астанада "Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған" республикалық телекөпірі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Телекөпір барысында "Алтын сапа" ҚР Президенті сыйлығының жеңімпаздарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқау-көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді. Сондай-ақ мемлекет басшысының қатысуымен "Парыз-2018" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жарыс өткізіледі. Іс-шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, әкімдер, ҚР парламентшілері, "Атамекен" ҰҚП өкілдері, саяси партиялардың көшбасшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ірі өнеркәсіптердің басшылары, өткен жарыстардың лауреаттары, 2018 жүлделерінің номинанттары мен лауреаттары қатысады.
Телекөпір 11 желтоқсан күні сағат 13:00-де "EXPO Конгресс-орталықта" басталады.