Павлодарда енді көпбалалы аналар автобуспен тегін қатынайды
Енді көпбалалы аналар балаларының қай жаста екеніне қарамастан, қоғамдық көліктермен тегін қатынай алады
"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлері қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің араласуы қажет болды, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Павлодарда көпбалалы 1220 ана бар. Бірақ олар үшін қоғамдық көлікте жеңілдіктер болмаған.
- Арнайы алқаға ие аналар қоғамдық көлікте тегін қатынау үшін кәмелетке толмаған балаларына анықтама алу мәселесімен мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырды, - деп атап өтті департамент мамандары.
Міндетті анықтаманы алып тастау туралы ұсыныс түсті. Департаменттің бұл ұсынысын кезектен тыс қалалық мәслихат сессиясы кезінде қарап, отырыс нәтижесінде қоғамдық көлікте жеңілдіктер алуға құқылы азаматтар категориясы тізіміне толықтырулар енгізілді.