Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда байланыс құрылғыларын тіркеу уақыты аяқталады

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ұялы байланыс қолданушыларының абоненттік құрылғыларын міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты

Қазіргі уақытта Қазақстанда 26 миллионнан астам абоненттің 14 миллионға жуығы тіркелген. Алайда, үкімет тіркелу мерзімін кейінге қалдырмайды.

- Көбісі алаңдайды, бірақ ешкім тіркемейді. Біз тіркеліп жатқан адамдар санын күн сайын бақылауда ұстап отырмыз. Қазір ұялы байланыс абоненттерінің саны халықтан 10 миллионға артық. Бізде 26 миллион қолданушы бар, ал халық саны 18 миллион, яғни, бір адамда 3-4 телефон, сим-карта бар деген сөз. Қазіргі уақытта ұялы байланысты қолданушылардың 70%-ы тіркелген, - деді Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев.

Министр қазақстандықтардың басым бөлігі өз телефонын тіркегенін айтады. Бұған қоса, 3%-ға жуығы тіркелмейтін құрылғылар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қазақстандықтарға жаңа ережелер бір жыл бұрын жарияланғандығын, тіркелу үшін жеткілікті уақыт болғандығын айтты.

Бұл шара абоненттер санының реттелуін қалпына келтіруге, сонымен қатар, бүгінгі таңдағы ең басты мәселе балаларға қатысты қылмыстың санын азайтуға мүмкіндік береді.

- Біз нөмірлерді тіркеу арқылы пайдаланушы кім екендігін, қанша уақыт сим-картаны қолданғандығын көре алатын боламыз. Қазақстандағы барлық телефондар құқық бұзушылықтардың алдын алатын болады. Балаларға қатысты қылмысты 80%-ға төмендетеді. Бұл біз үшін алға басқан үлкен қадам болады,- деді Дәурен Абаев.
ІІМ-нің техникалық департаменті бастығының орынбасары Тұрлыбек Ахметов бұл норманы енгізу арқылы адамдардың барлығы ұялы телефондарын тек заңды түрде пайдалана алатын болатындығын айтады.
Следующая →