Дариға Назарбаева ұлттық денсаулығы мен қауіпсіздігіне төніп отырған қатерді айтты
Парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева вице-премьерден Қазақстанның өзге елдермен жүретін тауар айналымы туралы статистикалық деректерін қарастыруды сұрады
Дариға Назарбаева вице-премьер Ерболат Досаевтың атына депуттатық сауал жолдады. Ол Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры анықтаған кедендік әкімшіліктегі көптеген заңбұзушылықтар туралы сұрады.
- 2013-2017 жылдар аралығындағы ЕЭО-ға кірмейтін 10 ел мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының статистикалық деректері Қазақстанның Азия, АҚШ, Еуропа елдерімен арадағы ішкі сауданысының статистикалық деректері сәйкес келмейді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Қазақстан аумағына енгізілетін тауардың тек 10-45%-ына ғана кедендік салық салынады. Бұл мемлекет бюджетіне үлкен шығын келтіреді. 50%-ға сәйкес келмеушілік Қазақстанның кедендік органдарында бопсалау, пара беру сынды жемқорлық белгілері бар екенін көрсетеді, - деп Дариға Назарбаева Transparency Kazakhstan-ның зерттеу нәтижесін мысалға келтірді.