Орал жүргізушілері айыппұл төлемеудің амалын тауып алған
Орал қаласының кейбір "пысық" жүргізушілері айыппұл төлемеудің амалын тауып алған
Ал айыппұлдан қашу үшін жүргізушілер Армения мемлекеттік нөмірін таққан көліктерді көптеп алатын болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Арменияның автокөліктері кеденде тіркелмейтіндіктен, қазақстандық полицейлердің базасына енгізілмейді. Оның үстіне, Арменияның көліктері Қазақстан мен Ресейдегі көлік бағасынан арзан. Ал алған айыппұлдардың барлығы Арменияның базасына кетіп отырады. Ал жүргізушілерге қойылған талап бойынша, олар Қазақстанда жүрген армияндық көліктерге көрші елге жылына бір рет барып тұрса жеткілікті.
Ал қазақстандық полицейлер Армения шекарасында барып келуге кеткен көліктердің айыппұлы базадан шығып, қазақстандық жүргізушілерге ауыр тие ме деп отыр.
- Шетелдік нөмірмен жүрген көліктер жиі ереже бұзады. Әсіресе, "заңмен жүретін", жол ережесін ұстанатын жүргізушілерге көп зиянын тигізуде. Ал бұл көлік иелері әкімшілік айыппұл туралы ойламайды. Ешқандай жауапкершілік арқаламаймыз деп ойлайды. Алайда бұл олай емес, - дейді полицейлер.