СҚО билігі жаңа жылдық безендіругеқаражат жұмсаудан бас тартты
Петропавл қаласының тұрғындарына қаланы өз есебінен безендіру ұсынылды, себебі бұл үшін ешқандай бюджет қаражаты бөлінбейді
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов биылғы жылы бюджет есебінен облыстың жаңа жылға безендірілмеу себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті "шағын, тек 9 миллиард теңге".
- Егер басқа облыстармен салыстырсақ, бюджет 10 есеге аз. Осыған байланысты қаражат көп нәрселерге, әсіресе,безендіруге жетпейді. Сондықтан қалалық әкімшілікке биыл безендіру үшін бюджеттен ақша болмайтынын айттым, - деді Ақсақалов.