Қазақстандағы полиция қызметкерлеріне бейнетіркеуіштер береді
ҚР СІМ Қалмұхамет Қасымов ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрес үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтты
ІІМ басшысы мекемедегі жемқорлық деңгейін бағалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. сайты.
Оның айтуынша, жемқорлық әлі де өзекті мәселе болып табылады, ал министрлік бұл мәселемен күрес жүргізуде. Мәселен, СІМ басшысы атап өткендей, мекеме ашық бола түскен. Мәселен, кез келген жемқорлықпен кездескен адам министрге тікелей хат қалдыра алатындай блог жұмыс жасайды. Сонымен қатар, жемқорлық бойынша қылмыстың жартысынан астамын Жеке қауіпсіздік департаменті мамандары анықтайды.
Жемқорлықпен күрес бойынша жүргізіліп жатқан шаралар арасында - электронды қызмет көрсету, ішкі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін күшейту, жалпы СІМ реформасы.
- Халықпен жұмыс жасайтын полиция қызметкерлеріне бейнетіркегішсіз жұмыс жасауға рұқсат етілмейді, - деді Қасымов.