Минск қаласында Бала Еуровидение-2018 байқауы өз мәресіне жетті
Конкурсқа Қазақстан атынан келген Данэлия Тулешова дауыс беруде алтыншы орынды иеленді
Минскіде өткен 2018 жылғы жасөспірімдердің "Евровидение" байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Биыл Бала Евровидение байқауына 20 елдің қатысушылары қатысты, ал қазақстандықтар бұл байқауға алғаш рет қатысты. Қатысушыларды қорытынды бағалау екі бөліктен тұрды: аудиторияның дауысы баллға аударылып, қазылар алқасының қорытындысы шығарылды.
Көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша Данелия 103 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді, алайда қазылар алқасы оған 68 ұпай беріп, 8-ші орынды көрсетті. Осылайша жалпы 171 ұпаймен жас қазақстандық әнші 6-шы орынға ие болды. 215 ұпаймен бірінші орынды Польшадан келген Роксана Венгель алды.